Жаңалықтар

«Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің сұңқары» атты облыстық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Құрметті оқырмандар! Cіздерді Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында өтетін ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жылдық мерейтойына арналған «Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің сұңқары» атты облыстық конференцияға қатысуға шақырамыз. Мекен-жайы : Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 91/99 Өтетін уақыты : 2024 жыл 13 қараша. Сағат 11.00
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: Афиша Уақыты: 07.11.2024

«Ілияс Жансүгіров және ұлттық рухани құндылықтар» атты кітап фестиваліне шақырамыз.

Құрметті оқырмандар! Cіздерді Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында өтетін ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жылдық мерейтойына арналған «Ілияс Жансүгіров және ұлттық рухани құндылықтар» атты кітап фестиваліне шақырамыз. Мекен-жайы : Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 91/99 Өтетін уақыты : 2024 жыл 12 қараша. Сағат 10.00
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: Афиша Уақыты: 07.11.2024

«Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль қарпін дербес компьютерден теру сабағы өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль қарпін дербес компьютерден теру сабағы өтті. Сабақ барысында кітапханашы Рауан Нұрланов Jaws for windows арнайы қосымшасымен жабдықталған дербес компютердің көмегімен Ms Word мәтіндік редакторында Брайль қарпін теру және ол құжатты сақтау тәсілдерін үйретті.
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.11.2024

Батыр Өтеген Өтеғұлұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Дастан болған батыр» атты ақпараттық сағаты өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 1 қараша күні батыр Өтеген Өтеғұлұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Дастан болған батыр» атты ақпарат сағаты өтті. Ерлігі көптеген жыр-дастанға себеп болған батыр – жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қолбасшы. Ол 1699 жылы Шу өзені бойындағы Изенді өңірінде туған. Өтеген 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысқан. Қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болған. Шара барысы батырдың өмірі мен ерлігі жайлы «Аңыз түбі ақиқат» атты видеослайдпен басталып, оқырмандарға арнайы дайындаған «Ерлігі аңызға айналған батыр» атты кітап көрмесіне кітапханашы Бектемисова Фатима библиографиялық шолу жүр...
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.11.2024

«24 қазан - Кітапханашылар күні» мерекесіне орай, кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби біліктіліктерін ынталандыру мақсатында «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты салтанатты кеші аталып өтті

Салтанатты шара басында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов халық игілігі жолындағы ұлттық рухани құндылықтарды сақтап дәріптеуде және мәдениет пен түрлі салалық ақпараттарға қолжетімді ету мақсатында аянбай еңбек етіп жүрген кітапханашыларды құттықтап ізгі тілегін білдірді. Биылғы жылы кітапханашы күніне орай кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен - Алакөл аудандық кітапханасының кітапханашысы Сағатхан Дүйсенбаева мен Ақсу аудандық кітапханасының библиографы Гүлшат Тұрсынқызы иеленсе, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен Алакөл аудандық кітапханасының кітапханашысы Феруза Пазлатдинқызы Тохтасунова, Панфилов аудандық кітапханасының әдіскері Бағлан Сейтказиқызы Нурумова, Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатымен Ақсу аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Бақытгүл...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.10.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика